Құрылғыларға тегтерді тағайындау және тағайындалған тегтерді қарап шығу

Kaspersky Security Center құрылғыларға тегтерді тағайындауға мүмкіндік береді. Тег дегеніміз – құрылғыларды топтау, сипаттау, іздеу үшін пайдалануға болатын құрылғы идентификаторы. Құрылғыларға тағайындалған тегтер, құрылғылар іріктемесін жасау, құрылғыларды іздеу және құрылғыларды басқару топтары бойынша бөлу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Тегтерді құрылғыларға қолмен немесе автоматты түрде тағайындауға болады. Құрылғыға тегтерді қолмен тағайындау, құрылғының сипаттарында орындалады және бөлек құрылғыны белгілеу қажет болғанда керек болып қалуы мүмкін. Тегтерді автоматты түрде тағайындау, белгіленген тегтерді тағайындау ережелеріне сәйкес Басқару сервері тарапынан орындалады.

Басқару серверінің сипаттарында, осы Басқару сервері басқаратын құрылғыларға тегтерді автоматты түрде тағайындауды конфигурациялауыңызға болады. Құрылғыларға тегтерді автоматты түрде тағайындау, белгілі бір ережелерді орындау кезінде жүзеге асырылады. Әрбір тегке бөлек ереже сай келеді. Ережелер құрылғының желілік сипаттарына, операциялық жүйеге, құрылғыда орнатылған бағдарламаларға және құрылғының басқа да сипаттарына қатысты қолданылуы мүмкін. Мысалы, Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларға Win тегін тағайындайтын ережені конфигурациялауыңызға болады. Содан соң, Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін құрылғыларды таңдау және оларға тапсырма тағайындау үшін, осы тегті құрылғы таңдауларын жасау кезінде қолдануға болады.

Сондай-ақ, белгілі бір саясат профильдері белгілі бір тегтерді бір құрылғыларда ғана қолданылуы үшін тегтерді басқарылатын құрылғыда саясат профилін белсендіруге арналған шарт ретінде де қолдана аласыз. Мысалы, Пайдаланушылар басқару тобында Курьер тегі бар құрылғы пайда болса және Курьер тегі бойынша тиісті саясат профилін белсендіру конфигурацияланған болса, онда осы құрылғыға Пайдаланушылар тобы үшін жасалған саясаттың өзі емес, оның профилі қолданылады. Саясат профилі осы құрылғыда саясат аясында іске қосуға болмайтын бөлек бағдарламаларды іске қосуға рұқсат бере алады.

Сіз бірнеше тег тағайындау ережесін жасай аласыз. Бірнеше тег тағайындау ережесін жасаған болсаңыз және осы ережелердің шарттары бір уақытты орындалып жатса, бір құрылғыға бірнеше тег тағайындалуы мүмкін. Барлық тағайындалған тегтер тізімін құрылғының сипаттарында қарап шыға аласыз. Әрбір тег тағайындау ережесін қосуға немесе өшіруге болады. Ереже қосулы болса, ол Басқару сервері басқаратын құрылғыларға қатысты қолданылады. Ереже керек болмаса, біраз алдағыда қажет болып қалуы мүмкін болса, оны жоюдың керегі жоқ; Ережені қосу жалаушасын алып тастасаңыз жеткілікті. Бұл арада, ереже өшіріліп, Ережені қосу жалаушасы қойылмайынша орындалмайды. Ережені жоймай өшіру, бұл ережені тег тағайындау ережелері тізімінен уақытша алып тастап, кейін қайтадан қосу керек болған кезде қажет болып қалуы мүмкін.

Бұл бөлімде:

Құрылғыларға тегтерді автоматты түрде тағайындау

Құрылғыға тағайындалған тегтерді қарап шығу және конфигурациялау

Басына оралу